Балабақша туралы мәлімет

Балабақшаның техникалық жағдайы:
Ғимарат- 3 қабатты
Ғимараттың жалпы көлемі – 1240,3
Литер А. (цокольный этаж). - 297,1 кв
Литер А.- 1 қабатты 314,4 кв
Литер B. - 2қабатты 314,4 кв
Литер C. - 3қабатты 314,4 кв
Құрылыс ауданы – 342,2 ш/м
Балабақша ауласы көгалдандырылған, серуенге арналған алаңдар мен ойын алаңдары бар.
Ғимаратта әдістемелік бөлме, логопед бөлмесі, саз-әуен залы, дене шынықтыру, медициналық арнайы бөлме, азық-түлік бөлмесі, кір жуу бөлмесі бар. Балабақша сенбі, жексенбі күндерінен басқа 5 күн жұмыс істейді, жұмыс уақыты таңғы сағат 8.00 мин. кешкі сағат 18.30 мин. Оқу тілі – қазақша.
Қуаттылығы – 150, тәрбиеленушілер саны - 150.
Мақсаты: Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасынегізінде балалардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, олардың жан-жақты үйлесімді дамуы үшін жайлы және қауіпсіз жағдайлар жасау.
Балабақшаға 2 жас пен 6 жас аралығындағы балалар келеді.
Балалар Gardenбазасына кезекке турады, ваучер берілген соң белгілі ережеге сәйкес топтарға орналастырылады.
2025-2026 оқу жылында балабақшада 6 топ жұмыс жасап жатыр.
Бүгінгі күнде балабақшада 6 педагог-тәрбиеші, 7 тех.қызметкер жұмыс жасайды.
Балабақша Шымкент қаласы мектепке дейінгі білім беру орындарында балаларды тәрбиелейтін, басқа балабақшалардың тәрбиешілерінің тәжірибе алмасатын білім беру мекемесі болып табылады.
Балабақша бейнебақылау камераларымен жабдықталған, жалпы саны – 22. Кіре берісте пандус орнатылған. Дабыл түймесі орнатылған, тәулік бойы нысан күзетшілермен күзетіледі. Кіре беріс қақпаға домофон орнатылған. Тактильді жолақша бар.
Әр топ мектепке дейiнгi ұйымдар қызметiнiң үлгілік қағидаларына сәйкес жабдықталған.
Логопед кабинетінің жабдығы: магнит тақтасы, айна, қол ұсақ моторикасы материалдары, массажға арналған доптар.
Ән-күй залының жабдықталуы: музыкалық орталық.
Дене шынықтыру бөлмесінің жабдықталуы: шынықтыру, сауықтыру заттары
Балабақшада ата-аналарға арналған консультациялық пункт қызмет жасайды.